CaspianLife, 18 ақпан — Кәсіп иесі атанғандардың әрқайсысы «Еңбек» бағдарламасы аясында 583 мың 400 теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған.
Грант иегерлерінің барлығы да «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша арнайы курстарда оқыған.
Кейін олар бизнес жоспарларын жасап, жобаларын сәтті қорғап шыққан. Олардың дені нан, кондитерлік өнімдер, тұшпара цехы, сондай ақ, сұлулық салоны, массаж жасау бағыттарында сервистік қызмет көрсетуде. Кәсібін жаңа бастағандар қатарында мал шаруашылығы бағыттары бойынша да еңбек етіп жатқандары бар.
Атырау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері тарапынан грант иелерінің жұмысына әрдайым мониторинг жасалуда. Грант иесі кәсіп ашуға берілген қаражатты мақсатсыз жұмсаған жағдайда, қаржыны сот арқылы қайтаруға мәжбүр болады.
Былтыр грантты сот арқылы қайтару жайттары тіркелген жоқ. Тек 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасы енді басталған кезде қаржыны мақсатсыз жұмсаған екі азамат сот арқылы қаражатты қайтарды. Жаңа іс бастаймын деушілерге өз тарапымыздан туризмге, балалардың дамуына үлес қосатын кәсіпті бастауға кеңес берудеміз, — дейді Атырау қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнәр Құспанова.
Еске сала кетелік, биылдан бастап «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіп бастауға берілетін мемлекеттік қайтарымсыз грант мөлшері 1 млн. 222 мың теңгеге артты.