CaspianLife, 19 қаңтар — «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында 18 қаңтарда COVID-19 инфекциясын 584 адам жұқтырған. Оның ішінде Атырау қаласында қауіпті вирусқа 350 адам шалдыққан. Ал, Теңіз кен орнында 73 науқастың анықталғаны расталып отыр.
Сондай-ақ, науқастар жеті ауданда да тіркелген. Коронавирус індетінің белгісі Жылыой ауданында 53, Қызылқоғада – 24, Индерде – 20, Махамбетте – 19, Исатайда – 19, Мақатта – 17, Құрманғазы ауданында 9 адамнан табылған.
Коронавирус инфекциясының симптомдары 330 науқаста бар. Қазір 2 919 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 543, модульдік ауруханада – 159, аудандардағы стационарларда – 48, ал, №2 облыстық ауруханада – 46, физиопульманологиялық орталықта 23 адам науқас жатыр. Кеше коронавирус инфекциясын жұқтырған екі пациент қайтыс болды, -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.