CaspianLife, 17 қаңтар — Атырауда 18 жастағы азаматтың көлігінен қолдан жасалған мылтыққа ұқсас қару тәркіленді.
2022 жылдың 15 қаңтар күні Атырау қаласы, Алиев көпірінің тұсында түнгі сағат 01:30 шамасында «Батыс -13» экипажы және криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп қызмет атқару кезінде Ваз2109 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғыш бөлігінде қолдан жасалған мылтық қаруына ұқсас зат табылып, 2003 жылы туылған жүргізушісінен айғақ зат тәркіленді.
Аталған азамат Атырау облысында жарияланған төтенше жағдай режимін бұзғандығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта 18 жастағы азаматтың жаппай тәртіпсіздікке қатыстылығы бар-жоғы анықталуда.