CaspianLife, 14 қаңтар — Коронавирус инфекциясының “Омикрон” штаммының таралуына байланысты, Атырау облыстық перинаталдық орталығы серіктеспен босануға тыйым салды.
Облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін серіктеспен босануға рұқсат етілмейді.
Еске сала кетелік, пандемия басталғалы бері елімізде коронавирус инфекциясын 1 013 586 адам жұқтырды.
Тек соңғы тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы 9 122 адамнан анықталды.
Оның ішінде, 243 дерек соңғы бір тәулікте Атырау облысы аумағында тіркелді.