CaspianLife, 14 қаңтар — 14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында Құлсары-Бейнеу тас жолының 15 шақырымында маркасы Армения елінде тіркелген Honda Odessey және Ресей елінде тіркелген Ваз 2115 автокөліктері соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ваз 2115 автокөлігінің 1996 ж.т., жүргізушісі және 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал, екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының ауруханасына жеткізілген. Жолаушы алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары барысында Ваз 2115 авткөлігінің жүргізушісі көлік жүргізу куәлігін алмағаны анықталды.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.