CaspianLife, 9 желтоқсан – Жаңа жылдық кештерді өткізуге рұқсат. Тек Ашық қосымшасындағы мәртебеңіз жасыл болуы керек.
Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыға енгізген өзгерісі осындай. Бірақ, мектептер мен балабақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер, ата-аналар жиналысы өтпейді. Сондай-ақ, облыстағы ірі сауда орындары мен сауда орталықтары тұрғындардан тек сенбі, жексенбі күндері ғана емес, енді жұмыс күндері де жасыл мәртебе талап ететін болады.
Біз жасыл аймақта болғанға байланысты бұрын 70 адамға рұқсат берілсе, енді 100 адамға көбейтілді. Тек бұл ретте айтылатыны тек жасыл статуспен кіре алады. Егерде эпидемиялогиялық ахуал тұрақсызданып жатса, өршіп жатса бұл қаулыларға өзгерістер болады. Көп нәрселерге тыйым салынуы мүмкін. Сондықтан айтарым халыққа әлі де босаңсымау керек,- деді Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешева