CaspianLife, 23 қараша – Атырау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қоғамдық көлік 22 қарашада өртенген.
22 қараша күні сағат 18:35 шамасында Бергалиева көшесінде ПАЗ-32053 маркалы автобусы өртке оранды. 1968ж.т. автобус жүргізушісінің айтуынша кенеттен автобус ішінен жанар май иісі шығып,артынша қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққан. Жолаушылар дереу автобус ішінен шығарылды, зардап шеккендер жоқ, өрт сөндіру қызметі шакырылды, алайда автобус түгелдей өртеніп кетті делінген хабарламада.
Қазір аталған факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.