CaspianLife,19 қараша – Атырау облысында ауланған балықтың 88 пайызы экспортқа жіберіледі.
Бұл туралы аймақ әкімі Мамахмбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.
«Облыста балық аулаумен және өңдеумен 16 кәсіпорын айналысады. Шабақ пен бекіре өсіретін 2 зауыт жұмыс істейді. Жыл басынан бері 10 мың тоннадан аса балық ауланды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56% артық. 9 мың тонна қайта өңделді. Оның 88%-ы экспортқа жіберілді», — деген аймақ басшысы өңірде медициналық кадр тапшылығы қалай реттеліп жатқанын баяндады.