CaspianLife,12 қараша – Атырау облыстық ЖИТС –тің алдын алу және күресу жөніндегі орталығы жариялаған ақпаратқа сәйкес биыл өңірде ЖИТС инфекциясын жұқтырған 14 пен 62 жас аралығындағы 321 адам тіркелген.
Олардың 284-і Атырау қаласында, 13-і Жылыойда, жетеуі — Құрманғазы ауданында, 6 жағдай Индер мен Махамбет аудандарында, Мақат пен Қызылқоға аудандарында -2, ал Исатай ауданында 1 жағдай анықталған.
Инфекция жұқтырғандардың 187-сі ер адам болса, 134-і әйел. Қызмет салаларына сәйкес, 116 адам жұмыссыз, 173-і жұмыс басты, алтауы — студент,екеуі — әскери қызметкер, 8-і — сотталғандар, 13-і тергеу-қамауға алынғандар, екеуі ұйымдаспаған, біреуінің зейнеткер екені айтылды.
Тек қазан айының өзінде Атырау облысында ЖИТС жұқтырудың 2 жағдайы тіркелген.