CaspianLife,10 қараша – Балауса ықшам ауданындағы тұрғын үйде 10 қараша күні түнгі 01 сағат 24 минутта табиғи газындағы жылыту қазандығында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан жалпы көлемі 120 шаршы метр болатын тұрғын үй отқа оранды.
Тұрғын үйдің төбе жабындысының және ішкі бөлмелерінің толықтай өртеніп кетті.
Өрт 02 сағат 15 минутта оқшауланып, сағат 02 сағат 40 минутта өшірілді. Оқиға салдарынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге ТЖД-нен 16 қызметкер және 6 бірлік техника, Жедел жәрдем бригадасы 9 адам, 3 бірлік техника, Департамент полициясы 8 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.