CaspianLife, 8 қараша – Атырауда сұйытылған газ бағасы күннен-күнге қымбаттап барады. Өткен жұмада облыс орталығында бір литрі 95 теңге болса, бүгін 110 теңгеден асты.
Аудандардағы жағдай да күрделі. Сұйытылған отынның 1 литрі 120 теңгеден сатылып жатыр. Ал Атырау облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы нарықтағы бағаны ешкім ұстап тұра алмайды деп отыр.
Барлығы нарыққа беріліп жатыр. Барлығын нарық реттеу керек. Батыс Қазақстан мен Атырау облысына бөлінген газды нарыққа қатысушылар ,яғни газ таратушы мекемелер бір-бірімен саудаға түседі. Сұраныс пен ұсыныстың арасындағы баға ғой реттелетін. Біз әкімдік тарапынан қанша қажеттілік бар, 14 мыңдай автокөлік бар газбен жүретін. Соны белгілеп көрсетіп отырамыз.
Сарапшылар «сұйытылған газдың бағасы алдағы уақытта да өсе береді. Өйткені, сұраныс көп» дейді.
ҚазТрансГазбен қоғам белсенділері қосылып, осы сұрақты шешу керекпіз. Неге осы баға?+ 98 пайыз газ тенгиз кен орнынан келіп жатыр біздерге. Атырау облысын ТШО 100 пайыз газбен қамтамасыз ете алмай қалуы мүмкін. Бірінші себебі, тенгизшевройл мен Қазмұнайгаз келіссөздер жүргізіп жатыр. Тенгиздің бүкіл газын KPI мен KILPI жобаларына жіберуге ой бар, — дейді сарапшы Асылбек Джакиев.
Облыста 86 газ құю бекеті бар. Олардағы баға да әртүрлі. Кәсіпкерлердің газға қалаған баға қойып, сатып отырғандары жасырын емес. Ал жергілікті атқарушы орган оларға билік жүргізе алмайды.