CaspianLife, 5 қараша – 4 қарашада қалалық перзентхананың қабылдау бөліміне жүктіліктің 39-шы аптасында ауыр жағдайдағы жүкті әйел түскен. Іштің өткір ауырсынуына шағымданған әйел жедел операция бөліміне ауыстырылып, оған 3 рет ота жасалған.
Салмағы 4 кг болатын толық ұрық алынды. Операция кезінде дәрігерлер босанған әйелден гангренозды аппендицитті анықтады және оны хирургтар алып тастады. Сондай — ақ, науқаста кіндік жарығының бұзылуы байқалды, оған да ота жасалды, — деді Атырау қалалық перзентханасының директоры Гүлзейнеп Дүйсіпова.
Дәрігерлердің айтуынша, үш операциядан кейін ана мен бала өзін жақсы сезінеді. Бала емшек сүтімен қоректенеді.