CaspianLife, 28 қазан – Тұрғындардың айтуынша, 27 қазанда кешке ауада тағы да ыстың иісі пайда болған.
Аймақтың ТЖД сол күні өрт болмағанын, қоқыс жанбағанын мәлімдеді. «Мастер Дом» гипермаркетінің артындағы қоқыс үйіндісінде өрт болмаған.
Еске салайық,17 қазанда Ақтау маңындағы қара түтін қала тұрғындарын үрейлендірген. Өрт сөндірушілер қоқыс аумағын 13 сағаттан аса уақыт ішінде сөндірген. Экологтар өртенген аймақта көміртегі оксидінің жоғарылағанын айтқан еді.
Әкімдікте тұрғындардан ақша алып, қоқыс үйіндісін ұйымдастырған азамат табылғаны хабарлады.
Төрт күннен кейін қоқыста тағы түтін байқалды. Өткен жексенбіде журналистер қоқыс аумағында тағы да түтін болып жатқанына көз жеткізді. Әкімдікте қоқыс тастайтын жердің қайта тұтануы қатты желдің екпінінен болғаны хабарланды.