CaspianLife, 4 қазан – Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бала туып, оны көше дәретханасында қалдырған әйелдің жеке басы анықталды.
«3 қазан күні Индер ауданында баласын дәретханаға тастап кеткен күдікті анықталды. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәби тірі екенін хабарлады.
«Бала Индер аудандық ауруханасының перзентханасына орналастырылды, ол — ұл бала. Балада дененің гипотермиясы болғандықтан, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды, тірі. Анасы Индер ауданының 1990 жылы туған тұрғыны. Ол аудандық аурухананың босанғаннан кейінгілер бөлімшесіне жатқызылды», — деп нақтылады ведомстводағылар.