CaspianLife, 29 қыркүйек — ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы А.Бейсенбекұлы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Ол Нұрлан Көшеров болды.
Бұл туралы бүгін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) баспасөз қызметі хабарлады. Берілген ақпаратта Көшеров Нұрлан Оразбайұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, М. Әуезов атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітіргені көрсетілген.
Салық органдарындағы еңбек жолын 2008 жылдан бастаған. Мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарған. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2018 жылдың қазан айынан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып келді.
Бүгінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығымен Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.