CaspianLife, 23 қыркүйек — Атырауға нағыз күз келді. Қыркүйектен бастап күн суытып, ауа-райы мың құбылды. Облыста алдағы күндері бұршақ пен жаңбыр жаууы мүмкін.
Ауа-райының күрт өзгеруіне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп отыр. Алдағы онкүндікте шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, дейді синоптиктер. Ауа температурасы түнде 12-17 градус аралығында болса, кейбір жерлерде сынап бағанасы 7 градусты көрсетеді. Ал күндіз 8-13 градус жылы болады. Сондықтан, таза ауада демалыс ұйымдастырмақ болсаңыздар, жоспарыңызды өзгерткеніңіз жөн.