CaspianLife, 22 қыркүйек — Қазіргі уақытта өз қызметін тоқтатқан «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС қайта құру бойынша шаралар мүдделі тараптардың қатысуымен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды.
Бұл туралы Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқпаева айтты. Оның айтуынша, 2015 жылы іске қосылған жүн өңдеу мен тоқыма өнімдерін өндірудің толық циклындағы бірегей кәсіпорын қазіргі уақытта «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) алдында берешегі болғандықтан жұмысы тоқтап тұр. Компанияның шоттары бұғатталған, өндіріс тоқтатылған және барлық қызметкер жалақысыз демалыста.
«Атырау» ӘКК департаментінің директоры Нұрлан Қаппазовтың айтуынша, «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС қарызының сомасы бүгінде шамамен 1.6 млрд.теңгені құрайды. Ол сондай-ақ, тоқыма фабрикасының өндірісін қалпына келтіру мәселесінің көтеріліп келе жатқанына бірінші жыл емес екенін атап өтті. Бірлескен күш-жігермен қазір өсімпұл мен айыппұл санкцияларын есептеуді тоқтату туралы шешімге қол жеткізіпті.
«Бірақ олар негізгі қарызды өтеуі керек, өйткені бұл қайтарылуы керек мемлекеттік ақша. Өткен жылдың соңында италиялық инвесторлар жобаға қызығушылық танытты, бірақ пандемия салдарынан бәрі өзгеріссіз қалды», — деді Нұрлан Қаппазов.
Тоқыма фабрикасын жандандыруға Export Center «Silk Way» ЖШС өз үлесін қоспақ. Ол серіктестермен бірлесіп «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС қызметін қайта құрылымдау бойынша бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Export Center «Silk Way» ЖШС — Қазақстанның экспорттаушыларын қолдауға, Қытайда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүддесін білдіруге бағытталған бірегей мамандандырылған компания. «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС экспорттық орталықтың серіктесі болып табылады.
Export Center «Silk Way» ЖШС директоры Құралай Канахина қазіргі уақытта олардың арасында Қытайдағы көлемі бойынша екінші B2C интернет-дүкенінің базасында қазақстандық тауарлардың мультибрендті онлайн-дүкені арқылы өнімді өткізу туралы келісімшартқа қол қойылғанын айтты. Сонымен қатар, сараптамалық орталықтың көмегімен Қытайдағы Иу қаласының Бонд аймағының ұлттық павильонында компания өнімдерінің қорларын сату жүзеге асырылады. aaa replica rolex datejust mens 116244pfaj rolex calibre 2836 2813 pink floral dial rolex skydweller replica continue reading https://www.redmiman.com/schadensreparatur-fuer-die-kamera-meines-xiaomi-redmi-note-10-5g-in-birmingham https://www.deiphone.com/ sale buy it now https://www.jcsinfusions.co.uk/product/jojo-verde-ultracalm-cbd-infused-lip-balm-20g-buy-1-get-1-free-002151/ Supreme CBD wholesale
«Қазіргі уақытта Қытай мен Қазақстандағы серіктестердің көмегімен кәсіпорынды қаржылық сауықтыру, жобалық қуатқа шығу және компанияны стратегиялық дамыту бойынша іс-шаралар әзірленді. Есептеулерге сәйкес, бірінші айда іске қосу-жөндеу жұмыстары, шикізат сатып алу және өндірісті іске қосу үшін шамамен 42 млн теңге қажет. Өнеркәсіптік барлау мақсатында кәсіпорынның өзінде болдық. Жабдықтар жақсы жағдайда, адамдар жұмысқа дайын, шикізатты сатып алатын орындар бар. Бүгінде Қытайдан, Араб Әмірліктерінен, Түркиядан алдын ала тапсырыстар бар. «Атамекен» ҰКП көмегімен үлкен жұмыс атқарылды, соның арқасында «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС Қытай импорттаушыларының тізіміне кірді. Енді бүгінгі күннің басты мәселесі — инвестор өз қаражатын іске қосуы үшін компанияның шоттарын ашу керек», — деп атап өтті Құралай Қанахина.
Осыған байланысты ӘКК өкілі компания кәсіпорынды қайта құрылымдау және қаржылық сауықтыру бойынша егжей-тегжейлі жоспар ұсынуы тиіс екенін атап өтті. Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы бұл процеске белсенді араласпақ. Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар жергілікті тауар өндірушінің қызметін жаңарту үшін тиімді бірлескен жұмыс жүргізу қажет деген ортақ пікірге келді.