CaspianLife, 10 қыркүйек — Экономикалық көмек көрсетілмесе, Ауғанстанның бірнеше жылға кейін кететін түрі бар. Бұл туралы БҰҰ-ның осы елдегі мииссияның басшысы Дебора Лайонс Қауіпсіздік кеңесінде айтты.
Соған орай, ұйым халықаралық қауымдастықты тәліптердің билігіне өткен халыққа көмек көрсетуге шақырып, гуманитарлық апаттың алдын алуға үндеді.
«Әрине, ресми мойындалмаған мемлекеттік құрылымға көмек көрсетуді қаламайтындар бар. Бірақ бұл жағдай экономикалық құлдырауға әкеліп, миллиондаған адамның кедейлік пен аштыққа ұшырауынан бөлек, Ауғанстаннан қашатын босқындарды көбейтетіні сөзсіз. Тіпті, қазір бүтін мемлекет бірнеше кезеңге кері кетудің шақ алдында тұр», — деді БҰҰ-ның арнайы өкілі Нью-Йоркте өткен кездесуде.
«Талибан» қозғалысы билікке келе салысымен АҚШ сол елдегі активтерін уақытша тоқтатса, Бүкіләлемдік Банк пен ЕуроОдақ мемлекеттегі жобаларды қаржыландырудан бас тартты.
Бүгін 38 миллион тұрғыны бар елдің 78 пайызы тәулігіне 1 АҚШ долларынан кем табыс табады. Бұл – кедейліктің анық белгісі. Егер нақты әрекетке көшпесе, бұл көрсеткіш келесі жылдың ортасында 97 процентке дейін көтерілу мүмкін.
Кеше Пәкістан, Бахрейн және Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізген ұшақтар Кабул әуежайына қонды. Пәкістандықтардың мәліметінше, жүк ішінде азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер бар.