CaspianLife, 7 қыркүйек — 5 қыркүйек күні Атырау қаласы, Береке шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2020 жылы туған егіздер құлап кеткен. Оқиға кезінде екі баланың анасы жұмыста, ал әкесі үйінде ұйықтап жатқан. Сондай-ақ, терезеге тор орнатылмаған.
Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес соңғы уақытта балалардың терезеден құлау фактісі жиілеп кеткен. Статистикаға сәйкес, Атырауда жыл сайын мұндай жағдай бойынша 5-6 бала көз жұматын көрінеді.
Бүгінде, құлаған егіздердің біреуі көз жұмды. Екінші баланың жағдайы орташа ауыр. Ол облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр.
Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
• Пәтердің терезесін ашпас бұрын балаңыздың терезеден алшақ жерде жүргеніне назар аударыңыз.
• Бөлмені желдету үшін форточканы ғана ашыңыз, дегенмен терезені түгел ашатын болсаңыз, 10 см артық ашпаңыз, ол үшін шектеуші құрал қойыңыз.
• Балаңызға үлкендердің қарауынсыз балконға шығуына рұқсат етпеңіз.
• Пәтерде ұйықтап жатырған баланы жалғыз қалдырмаңыз. Сәби оянып кетіп, ашық тұрған терезеге шығып кетуі мүмкін.
• Терезенің алдына жиһаз қоймаңыз. Бұл балаңыздың терезенің алдына шығуын шектейді.
• Балаңызға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Өз бетінше терезе ашуды қаншалықты кеш үйренсе, соншалықты өмірі де қауіпсіз болмақ.
• Балаңызға терезеден, балконнан далаға қарау үшін аяқ астына орындық немесе басқа да заттарды қойып қарауды үйретпеңіз. Ол сыртқа ұмсына қарап, құлап кетуі мүмкін.