CaspianLife, 31 тамыз — Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, соңғы тәулікте өңірдің 126 тұрғынынан коронавирустық инфекция анықталды.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен тәулікте (30 тамыз) Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 85 жаңа жағдайы тіркелген. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен, Жылыой ауданында төрт жағдай және Махамбет ауданында коронавирустық инфекцияның бір жаңа жағдайы анықталған. Коронавирустық инфекциясы бар 75 науқаста ауру тиісті белгілермен жүруде. 51 адамда белгілер жоқ. Сондай-ақ, өткен тәулікте облыста COVID-19-дан 643 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 7 624 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада — 170 пациент, екінші облыстық ауруханада — 176 пациент, фтизиопульмонология орталығында – 53 пациент, кардиоорталықта — 73 пациент, т/ж ауруханасында — 83 пациент, облыстық ауруханада — 53 пациент, жатақханаларда — 76 пациент, аудандық инфекциялық стационарларда — 279 пациент ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 451 науқас.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы әлі де болса «қызыл» аймақта қалып отырғаны атап өтілген.