CaspianLife, 18 тамыз — Жексенбіде Ауғанстанды «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) басып алғаннан кейін, АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі америкалық банктік шоттарда сақталған бірнеше миллиард долларлық Ауған резервтерін жауып тастады. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, сәуір айында Ауғанстанның Орталық Банк активтері 9,4 миллиард долларды құраған.
Шетелдік ақпарат көздеріне сенсек, мұндай шешімді Қаржы министрі Джанет Йеллен мен Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасының қызметкерлері Ауғанстандағы саяси және гуманитарлық дағдарыстың шиеленісуіне жол бермеу мақсатында қабылдаған.
«Америка Құрама Штаттарында Ауғанстан үкіметі иелік ететін орталық банктің ешқандай активтері Талибанға берілмейді», – деді әкімшілік өкілі.
Талибан Кабулды бақылауға алғанға дейін АҚШ Қаржы министрлігі Ауғанстанға қолма-қол ақша салатын жәшіктерді жеткізуді тоқтатқан. Олар ақша террористердің қолына түспеуі керек деді.
Елден қашқан Ауғанстан орталық банкінің басшысы Аджмал Ахмади сонымен бірге америкалық шоттардағы қаражатсыз барлық резервтердің тек 0,1% — ы Талибан иелігінде қалады деп мәлімдеді.
Ақ үйдің мәлімдемесіне сәйкес, бір күн бұрын Америка президенті Джо Байден Ауғанстаннан келген босқындарға көмектесу үшін 500 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдаған көрінеді.