CaspianLife, 17 тамыз — Облыстағы емханалар онлайн форматта жұмыс жасай бастады. Бұған өңірдегі эпидахуалдың ушығуы себеп болып отыр.
Алайда ақхалаттылар пациенттерді жоспарлы түрде қабылдаудың уақытша тоқтатылып отырғанын айтады. Тұрғындар емхананың тіркеу бөліміне хабарласып, медицина қызметкерлерінен онлайн форматта кеңес ала алады. Сондай-ақ, шұғыл шақыртулар елеусіз қалады деуге де негіз жоқ. Мұндай науқастарға арнайы мобильді бригада тұрғылықты мекен жайы бойынша барып бақылау жасайды.