CaspianLife, 04 тамыз — Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші компоненті салынуы мүмкін. Соған қатысты дәрігерлер пікір білдірді.
Жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаеваның сөзінше, бүгінде үшінші компонентті салдыруға қатысты мәселе қарастырылып жатыр.
«Дәрігерлер, оның ішінде, иммунолог, вирусологтардың көзқарасы бойынша, иә, расында ревакцинация — үшінші компонентті салдыру қажет болуы мүмкін. Жас категориясына қарай әртүрлі кезең керек болады. Ревакцинацияның қажет не қажет емес екені ағзадағы антидене санына қарай анықталады. Сондықтан антидене саны 1-ден төмен адамдарға ревакцинация керек болуы мүмкін. Бүгінде ревакцинацияға қатысты мәселе қарастырылып, талқыланып жатыр. Алдағы таңда оның жауабын аламыз», — деді Атығаева ОКҚ брифингінде.