CaspianLife, 23 шілде — Атырау облысында бір тәулікте 500-ге жуық адамнан Covid-19 анықталды. Қауіпті вирус жұқтырғандар санының өсі Жылыой ауданында байқалады. Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Тіркелген 489 жағдайдың 278-і Атырау қаласында анықталып отыр. Ал, Теңіз кен орнында 29 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды.
Инфекция облыстың аудандарында да тезтаралуда. Жылыой ауданында — 86, Индер ауданында — 23, Исатай ауданында — 23, Қызылқоға ауданында — 6, Құрманғазы ауданында — 19, Мақат ауданында — 6, Махамбет ауданында-19 адамнан анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 372 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте 186 адам коронавирустан емделіп шықты.
Қазір 2848 адам үй жағдайында, 197 адам модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада — 207, фтизиопульманологиялық орталықта — 100, кардиоорталықта — 110, т/ж ауруханасында — 108, аудандық инфекциялық стационарларда — 295 және Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 165 адам ем қабылдауда.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.