CaspianLife, 14 шілде — Айыпталушылардың тұрғылықты жері және олардың жақын байланыстары бойынша үш түрлі қару мен оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесе отырып, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымдардың жақтаушыларынан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекеттерінің жолын кескені айтылды.
Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы маршруттық такси жүргізушілерінен («Атырау – Орал — Атырау»), оның ішінде күш қолдана отырып ақшалай қаражатты бопсалауды жүзеге асырған.
«Айыпталушылардың тұрғылықты жері және олардың жақын байланыстары бойынша үш түрлі қару — жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекеттерін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылды және тәркіленді», — деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхат алды. Тергеу жедел іс-шаралары жалғасуда.