CaspianLife, 12 шілде — Қазақстанда алдағы күндері салқын, жаңбырлы ауа райы күтіледі. Синоптиктер 13-15 шілдеге болжам жасады.
Республиканың басым бөлігінің ауа-райына циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер ететін болады. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел жүреді.
«Батыста ауа температурасы түнде +12+22 градус, күндіз +25+35 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы +7+20 градус, күндіз термометрлер +12+28 градус, еліміздің орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +8+20 градус, күндіз +15+28 градус, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23 градус, күндіз +25+32 градус болады», — делінген хабарламада.