CaspianLife, 1 шілде — Екі апта бұрын «Дағыстан» мемлекеттік табиғи қорығының басшылығы «Ақжайық»мемлекеттік табиғи резерватындағы (ГПР) атыраулық әріптестеріне өтініш білдірген. Бұл туралы CaspianLife редакциясына «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты директорының орынбасары Асхат Қарабалиев айтты.
Оның айтуынша, ресейлік мамандар Каспий теңізінің жағалауындағы даладан ақ құйрықты бүркіттің арқасына бекітілген GSM таратқышты іздеуді сұраған (бұл жыртқыш құс Қазақстан мен Ресейдің Қызыл кітаптарына енгізілген). Ресейлік мамандар құстың қозғалысын бақылап, ұзақ уақыт бойы ол бір жерде қозғалыссыз тұрғанын байқаған. Содан кейні ғалымдар құс өлді деген қорытындыға келген. Бірақ, GSM таратқышының сигнал таратуы тоқтамаған.
«Ақжайық» резерватының қызметкерлері спутниктен таратқыштың болжамды орналасқан жері туралы координаттар алғаннан кейін Исатай ауданына жол тартқан. Олар өлген құс пен таратқышты іздеуге бір тәулікке жуық уақыт жұмсапты. Күтілгендей, құс өлі табылған, оның тек қанаттары ғана қалған, қалған бөлігі жабайы жануарларға жем болды. Бірақ таратқыштың өзі сол күй жұмыс жасап тұр. Оны атыраулық мамандар Ресейге, Дағыстан қорығына жіберді. Бір аптадан кейін ол жақтан алғыс хат келген. Онда ресейлік ғалымдар «Ақжайық» резерватының мамандарына таратқышты іздеуге көмектескені үшін алғыстарын білдіріпті.