CaspianLife, 29 маусым — Әлеуметтік желілерде 2020 жылы Gulder тұрғын үй кешенінде пәтерлерді броньдауға шарт жасасқан және пәтер құнынан 2 миллион теңге төлеген BI Group компаниясының клиенттері құрылыс салушының бір жақты тәртіппен осы шарттарды бұзғанын және бір шаршы метрдің құнын бірден 100 мың теңгеге көтергенін хабарлайды. BI Group компаниясындағылар бұл әрекетті құрылыс материалдары бағасының өсуімен байланыстырды.
Компанияклиенттерінің бірі Ақшолпан Алдабергенова 2020 жылы күйеуімен бірге Gulder тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтер сатып алуды шешеді. Ол үшін олар «тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» шотты сатып брондау сомасын енгізген. Брондау шарты бойынша олар бастапқы жарнаны да 2 миллион теңге мөлшерінде төлеген. Кейін олар пәтер құнының 50% — ын төлеуге мәжбүр болған, қалған сома 2022 жылдың қаңтарынан маусымына дейін ай сайын төленіп отыруы керек. Gulder тұрғын үй кешенін тапсыру 2022 жылдың маусымына жоспарланған.
«2020 жылы Алматыдағы Gulder ТҮК-нен бөліп төлеуге (50/50) пәтер сатып алу туралы шешім қабылдадық, сол жылдың қараша айында 2 миллион теңге алып, ауданы 64 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтерді брондадық. Осы пәтер үшін біз «тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» шотты саттық, оны студент кезімізде ашқан болатынбыз. Екі жыл бойы ақша жинап, көп нәрседен өзімізді шектеп келдік. Сату бөлімінің менеджерлері 2021 жылдың қаңтар айының соңында келісім – шарт бойынша 8 миллион теңге соманың жартысын салу керектігін айтты. Содан кейін олар бұл күнді 10 ақпанға ауыстырды. Солайша бүгінгі күнге дейін созып келді», — дейді Ақшолпан Алдабергенова.
BI Group компаниясы клиенттермен броньдау шарттарын бұзу туралы ресми мәлімдеме жасап, компанияның шешімін негізгі құрылыс материалдары мен қызметтер құнының күрт қымбаттауымен түсіндірді.
Жағдайды шешу үшін компания клиенттерге екі опцияны ұсынады: салынған қаражатты сыйақымен қайтару немесе келесі кезектерге брондау немесе компанияның басқа тұрғын үй кешендерін таңдау.
Алайда компания клиенттері бұл опциялар үлескерлердің шеккен шығындарын өтемейді деп санайды. Олардың айтуынша, сыйақы сомасы пәтер үшін 100-ден 300 мың теңгеге дейін, ал тұрғын үйдің шаршы метрі осы уақыт ішінде 100 мың теңгеге қымбаттаған.
Ақшолпан Алдабергенованың айтуынша, жас отбасы сатып алғысы келген пәтер брондау шартын жасасу кезінде 19 миллион теңге (бір шаршы метрге 296 мың теңге) тұрған. Енді қазір дәл осындай пәтердің құны 23 миллион теңгеден басталады (бір шаршы метрге 359 мың теңге).