CaspianLife, 28 маусым — Қазір құрылыс орнында үлкен техниканы, жұмысшылар мен LRT дизайнының жаңа бөліктерін көруге болады. CTS қалалық көлік компаниясының мәліметінше, қытайлық мердігер дайындық жұмыстарын жүргізуде.
«Қазіргі уақытта мердігер ұйым — қытайлық CRAEG консорциумы шарттық міндеттемелер шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. Олардың тарапынан жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстар кестесі пандемияға байланысты түзетілді», — деп хабарлады CTS.