CaspianLife, 25 маусым — Тамыз айы түгесілер тұста ЕуроОдақ аясында тарайтын вирустың 90 пайызға жуығы дельта-штамм болады деген болжам бар. Бұл туралы санитариялық ведомство өкілдері хабарлауда. Сол себепті, кәрі құрлықтағы аурудың алдын алу және бақылау орталығының басшысы Андреа Аммон вакцинация жұмыстарын жеделдетуге шақырды.
«Осы жазда дельта-штамның таралу қаупі зор. Әсіресе, екпе алмаған жастарды айналып өтпейді деген қорқыныш басым», — дейді ол.
ЕуроОдақ ескертпестен бұрын қам жасаған елдердің қатарында Португалия бар. Оған Лиссабондағы жағдайдың күрт ушығып кетуі себеп. Қала қазіргі уақытта жұмыс күндері ғана ашық. Ал аптаның соңғы екі күні ондай бейқамдық мүлде байқалмайды. Соған байланысты университеттердің стадионында екпе салу қызметі қайта жанданды. Ондағы қара жұмыс әскерилердің мойнына ілінген. Туризмге тәуелді мемлекет үшін үш ай жазды өткізіп алмау – басты мақсат.
Ел басындағы Марселу Ребелу де Соуза деген азамат қолға алынып жатқан жұмыстардың маңызды екенін атап өтті. Ол халықты коронавирус індетіне жүрдім-бардым қарамауға шақырып, жағдайды тұрақты ұстап тұру үшін армияның көмегі болатынын алға тартты.
Ал Германия билігі өздерімен көршілес орналасқан мемлекеттерге Ұлыбританиядан келетін қонақтарды карантинге қамау керектігін ұсынуда. Өйткені, соңғы уақытта ағылшыдар арасында дельта-штамның таралуы жиіліген.
Оқшаулау туралы әңгіме шығысымен саяхатқа қатысы бар ұйымдар қарсылық білдіре бастады. Олар еңбек демалысының қызған шағында шектеулерді күшейту дұрыс емес дейді. Жалпы, Еуропада вакцина алғандардың еркін-жүріп тұруына жағдай жасау – елдің қалауы.