CaspianLife, 24 маусым — Атырау базарларындағы саттықта тұрған қарбыздардың қауіпті екені анықталды. Өйткені дақыл құрамындағы нитраттың мөлшері шамадан 4 есе көп.
Белгіленген норма бойынша 1 келі қарбыздағы нитрат мөлшері 60 мг- нан аспауы тиіс. Ал зертханада жасалған сынама нәтижесі көрсеткіштердің тым жоғары екеніне дәлел. Сондықтан мамандар мерзімінен ерте піскен бау -бақша өнімінен әзірге бас тартуды сұрайды.
Нитраттың адам ағзасына тигізер зияны көп. Мөлшерден асып кетсе белсіздік, қатерлі ісік ауруларына себепші болуы әбден мүмкін. Осылай деп дабыл қаққан маамандар жарияланған мараторийге байланысты кәсіпкерлік субьектілеріне қатаң жаза қолдана алмаса да, заңға сәйкес қауіпті өнімдерді жоюға нұсқама беріпті.