CaspianLife, 24 маусым — Америкалық әнші Бритни Спирс сәрсенбіде Лос-Анджелесте (Калифорния) өткен сот отырысында оған тағайындалған 13 жылдан бергі қамқорлықты алып тастауды сұрады. «Мені өзім қаламайтын нәрсені жасауға мәжбүрлеу дұрыс емес», — деді ол бейне байланыс арқылы.
«Бұл қамқоршылық аяқталуы керек. Мен бұл қамқоршылықтың қатал жаза екендігіне сенемін. Мен бақытсызбын, мен ұйықтай алмаймын, мен ашулымын. Мен депрессияға ұшырадым. Менің әкем және осы қамқоршылыққа қатысы барлардың бәрі, соның ішінде менің менеджментім де түрмеде болуы керек. Менің өмірімді өзіме қайтарғандарыңызды қалаймын», — деді ол өзінің отбасын «сотқа беруге» дайын екенін баса айтып.
Әнші 2008 жылы есірткіге қатысты проблемалар мен оның психикалық денсаулығына байланысты ішінара қабілетсіз деп танылды. 10 жылдан астам уақыт бойы әншінің қаржысын, оның ішінде миллиондаған долларлық сенім қорын оның әкесі Джеймс Спирс және сот тағайындаған адвокат басқарды. Әншінің әкесі мансабына, емделуіне және жеке өміріне қатысты көптеген шешімдер қабылдады. Орындаушының кейбір жанкүйерлері оны қаламай, қарсылық білдірсе де келісуге мәжбүр болған. Себебі бұл соттың шешімі еді.
Сот қамқоршылықты өзгерту туралы әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Әншінің табысы шамамен 60 миллион долларға бағаланып отыр. Бритни Спирс бірқатар музыкалық марапаттардың, соның ішінде Грэммидің иегері.