CaspianLife, 24 маусым — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) балалар мен жасөспірімдерді коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау бойынша ұсыныстарды өзгертті.
Олардың айтуынша, балалар мен жасөспірімдерде, әдетте, ауру ересектерге қарағанда жеңілірек болады, сондықтан егер олар коронавирустың ауыр ағымының қаупі жоғары топқа кірмесе, оларды вакциналауға болады. Бірақ, қарттар, созылмалы аурулары бар адамдар және медицина қызметкерлері секілді шұғыл түрде емес дейді.
Ұйым сонымен бірге кіші жастағы топтар арасында вакцинация туралы жалпы ұсыныстар беру үшін балалар арасында коронавирусқа қарсы әртүрлі вакциналарды қолдану туралы қосымша мәліметтер қажет екенін атап өтті.
ДДСҰ атап өткендей, ұйым сарапшыларының стратегиялық консультативтік тобы Pfizer және BioNTech компаниялары әзірлеген вакцина 12 жастан асқан адамдарға қолдануға жарамды деген қорытындыға келген.
Сондай-ақ, ұйым ДДҰ зерттеу нәтижесінде жаңа нақты деректер алынған немесе эпидемиологиялық жағдай саясатты өзгертуді қажет еткен кезде өз ұсыныстарын жаңартады деп хабарлады.