CaspianLife, 24 маусым — Алматыда Эдуард Метелевке үкім шығарылды. Жалған айғақтар берді деп айыпталған сот-медициналық сарапшы ақталды.
«Метелев Эдуард кінәсіз деп танылып, оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық болмағаны үшін ақталсын. Үкімнің заңды күшіне енуі бойынша ешқайда кетпеу түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылсын. Қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылғаны үшін келтірілген зиянды өтеттіру құқығы ақталды деп танылсын. Оған оңалту құқығы түсіндірілсін», — деп судья Иманқұлов үкімді оқып берді.
Метелев алты жасар Лиза Пылаеваның өлімі туралы іс бойынша жалған айғақтар берді деп айыпталды. Қыз бала 2019 жылдың мамыр айында қайтыс болды. Оның денесі бақтағы мүсін маңынан табылған. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері қыздың мойын омыртқалары сынғанын және денесінде бірнеше жарақат табылғанын көрсетті. «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу басталды. Содан бері екі жыл өтті, бірақ күдіктілер әлі жоқ.
Бұл іс бойынша сот сарапшысы Эдуард Метелев тартылды. Ол қыздың денесіндегі жарақаттар жануардан болуы мүмкін деген нұсқа айтқан. Тергеу Метелев бұл іс бойынша сараптама нәтижелерімен танысу фактісін жасырды және ол сотқа тартылуы керек деп есептеді.