CaspianLife, 23 маусым — Дариға Назарбаева Сарайшық қалашығын қалпына келтіру және оны өңірдің туризм орталығына айналдыру жұмыстарына көмектесуге уәде берді. Атырау облысындағы жұмыс сапары барысында ол ежелгі қаланың қираған жерлерін аралады.
Қазір мұнда қазба жұмыстары жүргізілуде. Болашақта бұл орынды толықтай мұражай кешеніне айналдыру жоспарлануда.
Іс-сапар барысында Дариға Назарбаева «Хан ордалы Сарайшық» тарихи мемориалдық кешенінде болып, 14 ғасырдағы Сарайшық қалашығының макетімен және ежелгі қаланың бірегей археологиялық экспонаттарымен танысты. Экскурсия кезінде ол қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстарына қызығушылық танытты. Мамандардың айтуынша, археологиялық қазба жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді, алайда қаржыландыру мәселесі шешілмей тұр. Мұны естіген Дариға Назарбаева мәселені шешуде қолдау көрсетуге уәде етті.
Айтпақшы, жоба бастамашыларының ойынша Сарайшық қалашығы туристерді тартудың басты нысаны болуы тиіс. Бірақ ол үшін бірқатар жұмыс кезең кезеңімен жүзеге асырылу керек. Онсыз туристерді тарту қиынға соғады.
Егер мәртебелі қонақ жобаға қолдау көрсетсе, онда жақын арада қалашық орнында киелі нысанды сақтап қалу бойынша жұмыстар басталмақ. Айта кетейік, жобаның құны шамамен бір миллиард теңгеге бағаланып отыр.