CaspianLife, 22 маусым — Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Тәжікстанмен көкөністерді өзара жеткізу туралы форвардтық шарттар жасасуға ниетті. Бұл туралы ол халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
«Мен бүгін ортаазиялық мемлекеттерге, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабатты өзара жеткізу бойынша форвардтық шарттарды пысықтау үшін кетіп бара жатырмын», – деді Сұлтанов.
Оның айтуынша, бұл келісімшарттар маусымаралық кезеңде өнімдердің тұрақты болуын қамтамасыз етуге және елге әкелінетін өнімдердің бағасын белгілі бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Осылайша, 280 мың тонна көкөніс егілмеген кезеңде әкелінеді деп күтілуде. Бұл ретте баға ауытқуының серпіні ақылға қонымды шектерде, яғни жеті-он пайыз деңгейінде қалатын болады.
Сондай-ақ, Ресей және Иранмен де сондай келісімге отыру жоспарлануда.
Айта кету керек, жыл басынан бері Қазақстанда азық – түлік бағасының үздіксіз өсуі байқалады, оның ішінде картоп 34,9% — ға, сәбіз 39,6% — ға қымбаттады.