CaspianLife, 18 маусым — Жапониядағы Окадам әскери базасына аю шабуыл жасап, төрт адам жараланды. Бұл туралы NHK телеарнасы хабар таратты.
Телеарна мәліметі бойынша, оқиға Жапонияның солтүстігіндегі Саппоро қаласында болған. Жыртқыш әскери база аумағына кіріп, қызметкерлердің біріне шабуыл жасаған. Кейін аю әуежай аумағындағы ұшу-қону жолағында жүрген және біраз уақыттан кейін қоршаудан өтіп, нысан аумағынан шығып кеткен.
Бұған дейін аю екі қарт адамға шабуыл жасапты. Соның кесірінен 70 және 80 жастағы қарт ерлі-зайыпты, сондай-ақ, 40 жастағы ер адам жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы туралы әзірге нақты мәлімет жоқ.
Жапонияда аюлар қалалық метро бойында және коммерциялық нысандар салынған қалалық аудандарда жүреді. Сондықтан Саппоро қаласының билігі аудан тұрғындарын үйден шықпауға шақырады.