CaspianLife, 17 маусым — АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байденді Женевадағы саммитте Ресей президенті Владимир Путинмен өткен кездесуіндегі әрекеті үшін сынға алды.
Ақ үйдің бұрынғы басшысы 16 маусымда Женевада өткен саммиттің нәтижесі бойынша Мәскеу жеңіске жетті, ал Америка Құрама Штаттары «ештеңе алған жоқ» деп санайды.
«Жалпы, бұл кездесуден біздің ел ештеңе де алған жоқ деп ойлаймын. Бірақ, бұл Ресей үшін жақсы күн болды», — деді Трамп FoxNews телеарнасының тікелей эфирінде.
Трамп сонымен бірге Вашингтон АҚШ үшін маңызды бағыт болып табылатын «Солтүстік ағын-2» жобасын жүзеге асыруды тоқтата алмағанын атап өтті.
Еске салайық, Владимир Путин мен Джо Байден арасындағы келіссөздер 16 маусымда Женевада өтті. Көшбасшылар үш жарым сағат бойы сөйлескен.