CaspianLife, 16 маусым — «Қазгидромет» РМК Қазақстанның барлық өңірлері бойынша атмосфералық ауаның сапасы туралы апта сайынғы ақпараттық анықтаманы жариялады.
Таратылған ақпаратта бір апта ішінде, 8-14 маусым аралығындағы кезеңде Атырау қаласы бойынша атмосфералық ауа сапасының шекті нормадан асып кетуінің 12 жағдайы тіркелгені көрсетілген. Атап айтқанда, Бигелдинов көшесі, 10 «а» Атырау филиалының маңында (№6 п.) және Береке шағын ауданы — Береке өндірістік аймағының ауданында (№9 п.) тіркелген.