CaspianLife, 14 маусым — Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев балықтың қырылуына жылқы зәрі себеп болуы мүмкін деген пікірін айтты.
10 маусымда Қызылқожин аймағындағы Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балық қырылып жатыр деген хабар түскен. Ноғайты және Сағыз өзендерінің қосылған тұсында 150 келі өлі балық жиналыпты.
Осы оқиғаға түсініктеме берген әкім оқиға орнына облыстан арнайы комиссия келгенін атап өтті.
«Балықтың қырылу себебін анықтау үшін аудан әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Балық пен судың құрамы сараптамаға жіберілді. Нәтижесі шыққаннан кейін хабарланады. Айта кету керек, Ноғайты өзені көктем мезгілінде тез тасып, өзен сулары кішігірім көлшіктерді құрап (ең терең жері 50-60 см) негізгі арнадан бөлініп қалып жатыр. Алдын ала бағалау бойынша, сол жерде балықтың өліміне судағы оттегінің болмауы себеп болған. Оның өзіне бірнеше фактор әсер еткен болуы мүмкін. Бұл қоршаған ауаның жоғары температурасынан, яғни ауданда бір айға жуық жауын-шашынның және күн температурасының 35 Цельсийден төмен болмауы. Сондай-ақ, біздің ойымызша, жылқының зәрі суға араласуынан немесе қойларды өзенге шомылдыру нәтижесінде балықтарға ауа жетпеген болуы мүмкі», — деп түсіндірді әкім.
Десе де, балық өлімінің нақты себебін жүргізілетін сараптама анықтайтын болады.