CaspianLife, 14 маусым — Құлсары қаласында жүріп келе жатқан көлік терезесінен денелерін шығарып, ту желбіретіп келе жатқандардың кім екені анықталды.
13 маусым күні Құлсары қаласының орталық көшесімен қауіпсіздік шараларын сақтамай жүріп бара жатқан автокөлік Жылыой ауданы Полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнекамерасымен анықталған. Видеода екі азаматтың көлік терезесінен денесін шығарып мемлекеттік туды ұстап тұрғандарын көруге болады. Сәйкесінше, патрульдік полиция қызметкерлері аталған көлік жүргізушісіне және екі жолаушыға ҚР ӘҚБтК-нің 593-ші және 619 баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.