CaspianLife, 11 маусым – Ресми хабарламада айтылғандай, өлі барыстың денесінде жарақат іздері жоқ. Бұл туралы бүгін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
Бұған дейін хабарланғандай, 9 маусымда Маңғыстау облысында «Манашы» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында «Күйкентау» жерінен өлі барыс табылды. Жыртқыш өлген жерге келген мамандар оның денесінде жарақат, қару-жарақтың іздері жоқ екенін анықтады.
«Барыстың өлексесін сараптама үшін Атырауға жеткізу жоспарлануда. Қосымша ақпарат сараптама нәтижесі дайын болғанда берілетін болады», — деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.
Өлі барысты жергілікті тұрғындар 9 маусымға қараған түні тапқан. Бұл туралы «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшылығы хабарлады. Бұл жер Ақтаудан шамамен 300-350 км қашықтықта орналасқан.