CaspianLife, 10 маусым — KazSat-2 геостационарлық спутнигінің пайдалану мерзімі аяқталуына байланысты 2024 жылы Қазақстан оны алмастыруға 58 миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Осылайша интернеттің жылдамдығы 200 мегабит/с-қа дейін артады деп мәлімдеді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәжілістің жалпы отырысында.
Мусин қазір интернеттің жылдамдығы 10 мегабит/С екенін еске салды.
«Іс жүзінде KazSat-2 және KazSat-3 жүктемелері 75% болып отыр. Біз бүгінде ғарыш саласындағы технологияларды ауыстыру қаншалықты қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. KazSat-2 және KazSat-3 геостационарлық спутниктер болып табылады, олар интернетпен қамтамасыз етеді. Бірақ бұл интернеттің жылдамдығы секундына 10 мегабит. Ал біз, қазір, жалпы технологиялардың дамығанына және 2019 жылға дейін стартап режимінде жұмыс істеген төменгі орбиталық топтардың 2020 жылы пайдалануда шығып қалғанына назар аударуымыз керек», — деп түсіндірді министр.
Ол осындай жобаларды шет елдер белсенді жүзеге асырып жатқанын да атап өтті.
«Мұндай қызметтерді, атап айтқанда, Америкадағы Starlink ұсынады, Еуропада тестілеу жүріп жатыр және OneWeb та өз жұмысын жүргізуде. Олар банкроттық сатыдан шығып, қазір бір миллиард доллардан астам инвестиция тартып отыр. Біз осы жобаны іске асыруды жоспарлаған кезде, KazSat-2-ні ауыстыруға 58 миллиард теңге мөлшеріндегі шығындардың орындылығына тағы да оралдық. 2024 жылға қарай жер шары интернетті секундына 200 мегабит деңгейінде қамтамасыз ететін төмен орбиталық спутниктік топтарға толады. Яғни, бұл біздің KazSat-2 және KazSat-3 ұсынатын жылдамдықтан әлдеқайда жоғары», – деді Мусин.
Министрдің айтуынша, қазір геостационарлық емес жерсеріктік жүйелер (МГСО) операторларымен биылғы жылы олардың технологияларын тестілеу үшін пилоттық пайдалану жобалары бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Еске сала кетейік, қазақстандық KAZSAT-2 ғарыштық байланыс жүйесі алғаш рет 2011 жылдың 16 шілдесінде орбитаға шығарылды. Құрылғының белсенді қызмет ету мерзімі-12,5 жыл. 2014 жылдың желтоқсан айының соңында KazSat-3 штаттық пайдалануға енгізілді.