CaspianLife, 2 маусым — Бүгін Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №11 «шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» жаңа қаулысы шықты.
Бас санитарлық дәрігердің алдыңғы қаулысының негізгі тармақтары сақталады — Атырау облысының тұрғындары респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) пайда болған кезде медициналық ұйымдарға бармай-ақ, 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру арқылы дереу үйде медициналық көмекке жүгінуі керек.
Сонымен қатар, 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық автокөліктерде медициналық немесе мата маскаларын кию, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті болып табылады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алу, сондай-ақ медициналық мекемелерге бару жағдайларын қоспағанда, 65 жастан асқан адамдарға тұрғылықты жерінен аса қажеттіліксіз шықпау ұсынылады.
Атырау облысының тұрғындарына адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту, әлеуметтік қашықтықты, маска режимін және жеке гигиена ережелерін сақтау ұсынылады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, облыс халқы демалатын алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, парктерде және өзге де демалатын орындарда 3 адамнан артық топталып жиналуға тыйым салынады.
Одан бөлек те тыйымдар бірнеше бөлікке бөлінген. Толығырақ төменде:
— көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
— «Ashyg» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің қызметіне;
«Ashyg» жобасына қатысатындарды қоспағанда әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің жұмыс уақыты мен режимі бойынша мынадай шектеулер енгізілсін:
— мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 50% — ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру ұйымдар, офистер қызметкерлеріне қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда егілмеген қызметкерлер арасынан пайыздық арақатынасын ескеріп жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
— жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу, оффлайн режимде өткізбеу;
— банктердің, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысын 9.00-ден 18.00-ге дейін ұйымдастыру. Карантин шараларын сақтау үшін ХҚКО-ға және мамандандырылған ХҚКО-ға алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» телеграмм-ботпен брондау арқылы бару ұсынылады;
— мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарындағы мемлекеттік кіріс мекемелерінің жұмысы жұмыс уақыты кестесін белгілей отырып ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Атырау қ. бойынша МКБ-ы) www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы алдын ала брондау немесе қалған өңірлердегі аумақтық басқармаларға қоңырау шалу арқылы алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсету ұсынылады;
— сабақтан тыс уақытта топтарда оқушыларды жеке оқыту, балалар түзету (коррекция) кабинеттері, балаларға және ересектерге білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
— мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының (саны 25 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын сақтау;
— балалар сауықтыру ұйымдарының толтырылуы 50%-дан артық емес (ҚР БМСД 25.12.2020 жылғы №67 қаулысының 18-қосымшасына сәйкес);
— мәдени объектілердің (репетициялар) жұмысы 30 адамға дейін;
— театр, кинотеатр, концерт залдары, филармониялардың жұмысы толтырылуы 20%-дан артық емес;
— спорттық іс-шараларды өткізу толтырылуы көрермендердің 15%-ынан артық емес;
— медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар алдын ала жазылу бойынша;
— діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) толтырылуы 30% — дан аспайтын және бір келушіге кемінде 5 м2 қамтамасыз ете отырып, жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу бетперде кию режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады;
— қоғамдық тамақтану объектілеріне, оның ішінде жазғы алаңқайларда сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп) жұмыс жасауға рұқсат етіледі;
— сауналардың жұмысы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынады;
— алаңдарда, парктерде, скверлерде, жағалауларда балалар мен ересектерге арналған жылжымалы ойын құралдарын жалға берудің, уақытша бөлшек сауданың орналасу орны мен жұмыс кестесін жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша анықтасын;
— Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.) жұмыс істеуіне COVID-19-дың алдын алу шараларын (медициналық бетперде, антисептиктер қолдану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық) сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.
Қоғамдық көліктің жұмысын штаттық режимде қамтамасыз ету, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен, барлық есіктерін ашуымен белгілеу. Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі.
Осы қаулы 4 маусым сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.