СaspianLife, 26 мамыр — «Қазгидромет» синоптиктері 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстандықтарды 40 градусқа дейінгі ыстық күтіп тұр.
Болжамға сәйкес, 25-26 мамырда Қазақстан аумағында жазғы ауа райы сақталады. Оңтүстіктен соғатын жылы және құрғақ ауа массалары ыстық және құрғақ күн тудыруы мүмкін.
«Еліміздің батысында ауа температурасы 30-39 градус болады деп күтілуде, солтүстік бөлікте де термометр бағандары күндізгі уақытта сирек байқалатын 32-38 градусты көрсетіп тұр. Оңтүстік және шығыс аумақтардағы температура тез көтеріліп, оңтүстікте 30-40 грдаус ыстық, шығыста 30-36 градусқа дейін жетеді. Алайда, 27 мамырдан бастап Батыс, содан кейін солтүстік аймақтарға Батыс Еуропадан келетін антициклон әсер ете бастайды. Бұл өз кезегінде батыс өңірлердегі температураның 25-33 градусқа дейін, солтүстік өңірлерде 18-28 градусқа дейін төмендеуіне әкеледі», — делінген хабарламада.