CaspainLife, 24 мамыр – Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лар Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі ақауға байланысты жұмысын тоқтатты.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі хабарлады.
«ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүйесінің істен шығуына байланысты Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО қызметтері қолжетімсіз. Уақытша ақаулар үшін кешірім өтінеміз. Мамандар жауапты мемлекеттік органмен бірлесіп техникалық ақауларды жойып жатыр. Қашан жұмысқа оралатынымызды кейінірек қосымша хабарлаймыз», — деп хабарлады мемлекеттік корпорация өкілдері.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шамамен 12.00-ден бастап жүйеге кіру қиындаған.
Мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтердің барлығы дерлік — автокөлікті тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін беру — Ішкі істер министрлігінің сервистеріне жатады.