CaspainLife, 13 мамыр – Бүгін, сағат 14:42-де Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Құлманов 50 мекен-жайында орналасқан «Аспава» мейрамханасынан өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 2 минутта жеткен.
Қызыл жалын мейрамханының екінші қабатында басталған. Қызметкерлердің айтуынша оқиға кезінде іште қонақтар болмапты. 15 қызметкер өз күшімен қауіпсіз жерге шығып үлгерген.
«Өрт сөндіруге барлығы 7 техника мен 2 автосаты және 45 жеке құрам қызметкері тартылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», — дейді Атырау облыстық ТЖ департаменті өкілі Тлекқабыл Досмағамбетов.