CaspianLife, 12 мамыр — Біріккен Араб Әмірліктерінде жасалған Sinopharm компаниясының вакцинасы Атырауға жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
11 мамырда аймақтың алғашқы тұрғыны «Hayat-Vax» вакцинасын алды. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, препарат сертификатталған және ерікті негізде вакцинациялауға арналған.
«Біздің облыста халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда. Жақында аймаққа БАӘ шығарған Sinopharm компаниясының «Hayat-Vax «вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді. Алғашқы 200 дозаны «Медикер Жайық» ЖШС-не жібердік, қалған дозалар қазіргі уақытта қоймада сақталуда және вакцинация пункттері бойынша үлестірілетін болады»,— деді А. Байдуәлиев.
Осылайша, қазіргі уақытта Атырау облысының егу кабинеттерінде Qazvaс, «Спутник V» және Hayat-Vax вакциналары қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, Hayat-Vax вакцинасының 1 млн. дозасы «Самұрық-Қазына» қоры арқылы сатып алынды.
Аталған вакцина Қазақстанның барлық өңірлеріне жіберілмек.
Фото: Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен ұсынылды