CaspianLife, 5 мамыр — 6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қытайлық Sinopharm вакцинасын салдыра алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлаған.
«Қазір басқарма қоймаларына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы келді. Ертеңнен бастап осы вакцинаны егуге кірісеміз. Бұл вакцина осы өндіруші компанияның вакцинасын салдыруға ниет білдірушілер үшін таңдау-препараты», — деді Мұратов елорда әкімдігінің онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, қала тұрғындары препаратты өз қалауы бойынша таңдай алады және вакцинация ерікті түрде жүргізіле береді.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинаның үш түрі барын мәлімдеген болатын. Олар — ресейлік «Спутник V», қазақстандық QazVac және қытай технологиясымен өндірілген Hayat-Vax араб вакцинасы.
Фото: әлеуметтік желіден алынған