Қазақстанда халық саны 19 миллионға жуықтады. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
«2021 жылы 1 наурызда еліміздегі халық саны 18 917,2 мың адам болды, оның ішінде қалалықтар — 11 187, 2 (59,1 пайыз), ауылдықтар — 7 730,0 адам (40,9 пайыз).
2020 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 245,3 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті», — деп хабарлады ведомстводағылар.